Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 18.07.2025

Сырласу
Сырласу
Охоу, досым,
Ақ парақ. Аманбысың!
Саған айтар сырым бар,
Менің бүгін.
Сыр бағудан шаршадым
Жалғыз өзім.
Маған ақыл беретін
Жалғыз өзің.

Ғажайыпқа толы болды,
Кешегі күн.
Бір сұлу қыз келді де,
Көшеменен
Маған ұзақ таңданып қарады да
Өте шығып жанымнан.
Кете барды
Жүздесіп тұрғандай бөтенменен.

Түсінбедің,
Білемін түсінбедің.
Ол қызды менде,
Бір кездері түсінбегем.
Сүйем деген сөзіне сенбей кетіп,
Сүйгені үшін мен оны
Кешірмегем.
Жүрегімнен жұлып тастап атын оның,
Сезімдерін мәңгілік өшірген ем.

Қайтем енді,
Көшеме ол көшіп келді,
Бойымды қанша аулақ ұстасамда.
Жолымыз бір,
Ақырғы кезігеді.
Сол кезде не жасаймын,
Мендік сезім.
Тұтанып жүрмес пе екен,
Көрмей көзім.!
 
© Марат Қаниев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1664 | Рейтинг: 0.0/0