Асыл анама
Ана жаным сенсіз өмір өтпейді. Өткен күндер қайта айналып келмейді, Жүрегімде саған деген махаббат, Сенші ана ешқашан сөнбейді. Бойдағы қуат, ақ сүтіңнен нар алғам, Өзіңдей жанды ешқашан да табалман. Бас иемін құдіретіңе, Ұлы Ана Даналар да пәк анадан таралған. Қажеті жоқ байлықтың да,бақтың да. Қажеті жоқ хан отырған даңқтың да. Асыл ана, сен болмасаң жанымда, Қажеті жоқ сауық сайран, даңқтың да. Кездессе де талай дауыл әлі алдан, Демеймін бүл өмірді мен жалған. Мұңаймаймын, жыламаймын, себебі: Анамды бақытты ету үшін жаралғам. Кіршіксіз,пәк сәби боп өтемін өзіңе. Қайғы жасы келмесінші көзіңе, Күлімдеші, анашым, білемін, Жүрегің толы махаббат пен төзімге! © Айдана
| |
Просмотров: 963 | |