Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 19.07.2025

Салют
Гала – концерт.
Қалың жұрт иықтасып,
(Текті өлке ғой өнердің биік тасы)
Ысқырық. Шу. Сен тұрсың ынтызар ғып,
Жатсынбастан жаныма тиіп - қашып.

Есімің кім? Жоқ шығар әбестігі?!
Сол қыз сен бе?
Атыңды сан естідім.
«Қыздар-ай, қандайсыңдар...» сахнадан
Саған арнап тұрғандай ән естідім.

Қол ұшына саусағың іліккені,
Бөтен едім мен саған үрікпедің.
Еш бөгет тоқтата алмас еркіндікпен,
Бауырыма барасың кіріп менің.

«Кетпесе екен» ішімнен қалғаныңды
тілеп тұрмын. Тулаттың бар қанымды.
Биіктен сені көргім келгендей-ақ,
Білмей қалдым көтеріп алғанымды.

«Түсір» дейсің мойнымнан қысып алып,
Осы бетте кетсем ғой ұшып, алып.
Гүл алаңды айналды түн құшағы,
Сырты - әнге оранған, іші – халық.

Жүрген бақыт сен бе едің іздеп ұдай,
Салқындықты сездірген күз демін – ай!
Отшашуға көз алмай қарап тұрмыз,
Шашу шашып жатқандай бізге Құдай.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 728 | Рейтинг: 0.0/0