Пойызда
Махаббатым, құшағымыз айқасқан, От – сезімдер дауылдап... Мұңаяр деп кетерімді айтпастан, Үнсіз тарттым ауылға. Сағыныштан жаралдың ба, өмір-ау, Көңілімді босатып?! Сен оянып, күндегідей қоңырау Бүгін тағы тосасың. Пойыз жүрді, құлақты ұрған дүрсілі Жүрегіммен үндесіп. Тағдырына налитындай күрсініп, «Мендік тірлік – күнде осы...» «Кетемін» деп ескертпедім айып етпе, Ертең келіп ақталам. Сен тұрғандай қолын бұлғап әйнектен, Қалып жатыр ақ далам. Мәжнүнді біреу саған «сүй» деп пе, күтеріңе сенемін. Сенде келе жатқандайсың билетпен, Бір жерінде денемнің. Біздің жақта байланыс жоқ. Айдала. Күндер өтер бұрыштап... Мен келгенде жылынайын аймалап, Сезіміңді жылы ұста.
| |
Просмотров: 843 | |