Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Алдану
Мезі қылған
Мағынасыз бұл уақыт...
Уақытымды ұрлатып,
Арбалып сенің жаныңа
Алдануыма да бір бақыт.

Күні-түн...
жадымда бейнең бозамық
Үкілі үмітім азайып...
Таңданып сенің танакөзіңе
Алдануым да ғажайып.

Ақ  сезім...
жүреке іздеп жұбаныш,
арамыз жақын ‒ тым алыс.
Сүйіп алдансам аппақ тамақан
Сөз жетпес назік қуаныш.

Ботам-ау...
Мен де бір аңқау алданған,
Алданғанымды малданған.
Сәбидей арбап сырлы үнмен
...тіліңді татсам балданған.

Өбісіп,
Сағынысып гүл мекенде
махаббат қаласына бір кетем бе?!
Қой енді тұңғиық қиял қуып,
Алдана бермейін  құр бекерге!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 797 | Рейтинг: 0.0/0