Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 19.07.2025

Ақын жүрек ғашық болса...
Ақын жүрек ғашық болса, сүйген жанын ұмытпас,
Қаласа да, сезімінен ұзақ уақыт құтылмас.
Сөзін тыңдар осы сәтте ақ қағаз бен көк сия,
Махаббатқа бір өлеңмен шек қоюға ұмтылмас.

Сүйгеніне ән арқылы отырады сыр ашып,
Қара түнмен жаңа түскен үн қатпастан сырласып.
Егер сенің келіп тұрса ақындарды түсінгің,
Поэзия деген сылқым қасиетті қырға шық.
Ақын болсаң сыңарыңа жетпей қояр қолдарың,
Өйткені, ол – түсінбестік тап болатын құр ғашық.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 899 | Рейтинг: 0.0/0