Жайықтан кеткім келіп тұрады...
Санамда сансып, сан түрлі ойлар, Айналып келіп санамды улады. Сағатың Сені алдаған шығар... Алдаған мені кезің болмады. Жаратқан, айтшы, қалайша оны, Сағынбайтындай кезім болады?! Сарылып күтті... Жүрегім сені! Сезімнің алау оты ма?! Сағынтып кеттің, Сарылтып мені... Әділдігің Сенің осы ма? Қаралы күндей, Ысқырған желдей. Санамды бір күш билеп барады. Мен Сені кейде ұмыту үшін, Жайықтан кеткім келіп тұрады!
| |
Просмотров: 843 | |