СЕНІМЕН САНАСУ
Сен кеткелі ерімей мұз жанарым, Бірге жүрген бақтарға жүз барамын. Білемін бәрі жалған... бір-ақ шындық...... Мен сені өзімнен де қызғанамын. Ал сен ше?! Күліп жүрдің. Мұздамадың, Сорлы жүрек езіліп сыздамадың. Алыстап кеткеннен соң әжептәуір, Ретің жоқ ед мені қызғанатын. Үн беріп, үкілі үміт Мұнар маған. Еске алып қылығыңды, құмарланам. Түсімде шын.... Өңімде елес қылып, Бір сәтке сені есімнен шығармағам. Бой бердің аласұрған ерікке мың. Маған қарай жетем деп желікпедің. Түсіңде төс қағысып жүрмесек те, Өңіңде ойға алып көріп пе едің?!
| |
Просмотров: 723 | |