МАХАББАТ СЫРЫ
Шерленіп жас жүректің сырын айттым, Бұрынғы бабалардың жырын айттым. Махаббат екіге ортақ,үшке талас Қызжібек пен Төлегеннің мұңын айттым. Махаббат бұл пәк сезіммен адалдықтың арнасы, Біз боламыз кейінгі ұрпақ Қозы-Баян жалғасы. Сүйген адам сезімі үшін кінәлі емес ешқашан, Оған анық ешкімнің де кедергі бола алмасы. Көреміз де бұл тағдырдың басқа нені салғанын, Қыран құстың биіктерге қанат қағып самғарын. Махаббатта мәңгі ертегі талай адам бас иген, Мойындауға міндеттіміз бұл дүниенің жалғанын. Махаббатты аялаңдар,қастерлеңдер құрбылар, Жас жүректің қалауы бар,түсініңдер сыры бар. Сүйген адам жүректегі сезімі үшін бақытты, Махаббаттың сырлы жырын сезімді жан ұғынар.
| |
Просмотров: 917 | |