ОН ЖЕТІНІҢ КӨКТЕМІ!
Он жетінің көктемі! Сол көктемнің қатты еді өктемі, Қолым жетпей періштеге көктегі, Уақыттың зымыраумен өткені, Көктем келіп тағы талдар көктеді. Он жетінің көктемі! Сол көктемде бәйшешектей гүлдедім, Бүршік жарды сезім атты гүлдерім. Өтіп жатты,өтіп жатты күндерім, Бірақ,сені көре тұра көрмедім. Он жетінің көктемі! Қиын екен көріп тұрып көрмеген, Қиын екен күліп тұрып күлмеген. Қиын екен біліп тұрып білмеген, Қиын екен сүйіп тұрып сүймеген. Он жетінің көктемі! Көңіліме гүл ектің, Ұққандайсың сырларын нәзік жүректің. Көктем көңіл сені,сені жыр еттім, Бірақ,менің көңілімді жүдеттің. Он жетінің көктемі! Мен өзімді жырладым. Менің нәзік жүрегімнің сырларын, Он жетінің көктемі, Тек өзіңе сыйладым Көктем,көктем сен келдің де жүрекке, Пәк махаббат сыйладың.
| |
Просмотров: 860 | |