Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 19.07.2025

Соқыр сезімі
Қап-қараңғы түк көрмейді жанарым,
Бір тұңғыйық түпсіз терең ойға батып барамын.
Көз алдымда тұрсаңда сен жарқырап,
Көре алмаймын ренжіме қарағым.

Мына мені соқыр еткен күзбе еді,
Өкпелеудің қажеті жоқ күзге енді.
Жанарымның әлсіздігі соншалық,
Жарық күннің сәулесінде сезбеді.

Таяқ ұстап күнін кештім соқырдың,
Тек күн сайын сені күтіп отырдым.
Жарқ еткенде бұлтты күні найзағай,
Саған тиіп кетеме деп шошындым.

Бекер бопты сені күтіп жүргенім,
Әуре болып неге өмір сүргенмін.
Енді түсіндім сезіміңнің мен үшін,
Баяғыда-ақ баяғыда-ақ сөнгенін.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 987 | Рейтинг: 0.0/0