Сол мұңымды тарқата алсам қарағым
Жүрегімде толы менің қара мұң, Қара мұңға сенде мүмкін қарадың. Алайда сен кете бердің үндемей, Солай аштың қанды бетін жараның. Жүрегімде толы менің қара мұң, Сол мұңымды тарқата алсам қарағым. Қаншалықты жасасаңда сен кінә, Сол кінәні өз мойныма аламын. Жүрегімді қара мұңға тастадың, Неге жақтың шам-шырағын басқаның. Көрмегелі сенің сұлу бейнеңді, Ашылмады қара бұлттан аспаным. Жүрегім-ау неткен менің қаралы, Қос қанатым ұшар емес жаралы. Бір өзіңнің сезілмесе бар-жоғы, Жан дүнием оттай күйіп жанады. Жүрегімді судай тасып барады, Су тасқынның неткен үлкен алабы. Сол тасқынға өзің бөгет болмасаң, Жүрегім-ау қара мұңда қалады.
| |
Просмотров: 836 | |