Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 19.07.2025

АЙСЕДОРА
Әлемнің де, бар елдің де әніне,
Айседора айналыпты көрдің бе.
Тәтті уын тастап кетті тәніме,
Қалған екен бал шырыны ернімде.

Ай астында өлең жазып өрнектеп,
Айседора қайта айналып келер деп.
Өлең дейтін мінсіз мендік жөргекке,
Оранады бесігіме бөленбек.

Айседора әне айда билеп жүр,
Есіне алып балетмейстің балконын.
Көз алдымда ақ көйлегін сүйреп жүр,
Алқымымен сүйісіп тұр шарфы оның.

Есім ауып жынданатын күй кешіп,
Мына жерде тұрмын жіпсіз байланып.
Дунканменен мына мен де билесіп,
Әкелуші ем өз үйіме айды алып.

Есенин де, мына мен де ғашықпын,
Сезім сені сүйіп тұрса кінә мә?
Қанат бітіп айға ұшуға асықтым,
Сен кімсің деп, Айседора сұрама!

Денесіне қолым тиді Дунканның,
Құшағын ол жайып берді бөз қылып.
Жүрек оты асып кетті Вулканның,
Алапат күш делебесін қоздырып.

Биіңді қой, аспан үстін ән қылшы,
Қосып жүрсін мына ел мені әніне.
Айседора, ақ шәліңді қалдыршы,
Өлеңімді байлау үшін тәніңе!

*Айседора ДУНКАН - әлемдік би өнерінің майталманы.
С.Есениннің некелескен әйелдерінің бірі.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 869 | Рейтинг: 0.0/0