Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Сүйгенім
Өзіңсің нұрлы тәтті арман,
Жаралған аппақ бұлттардан.
Сезімді үрлеп от салған,
Көңіліме.
Жүректі саған жалғаған,
Өзіңдей жанды жайнаған.
Ризамын маған сыйлаған,
Тәңіріме.

Сен менің сүйген айымсың,
Жайқалған бақыт бағымсың.
Сәулелі шаттық таңымсың,
Өмірдегі.
Жайдары мінез жарқыным,
Арайлы менің ай-күнім.
Жанымда болшы алтыным,
Мәңгілікке.

Аяулы ерке сыңарым,
Мөп-мөлдір кәусар бұлағым.
Арналар асыл жыр-әнім,
Бір өзіңе.
Бақыттан жиі күлейік,
Мәңгілік бірге жүрейік.
Шомылып өмір сүрейік,
Бал сезімге.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 947 | Рейтинг: 0.0/0