Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Іздеп жүрмін жарымды!
Біле алмадым неге ешкім,
Түсінбейді жанымды.
Мен жүрексіз емеспін,
Іздеп жүрмін бағымды.

Таппай жүрмін бүгінде,
Аяулы асыл жарымды.
Жолықшы енді өмірде,
Сындырмай менің сағымды.

Кезіктір Алла өмірде,
Махаббатта тағымды.
Шаттық сыйлап көңілге,
Нұрға бөле жанымды.

Төгіліп белге бұрымың,
Лаулатшы жүрек жылуын.
Бақытқа мені бөлейтін,
Қайдасың менің сұлуым.

Айдайын әсем асылым,
Өзіңді ойлап тасыдым.
Жолықшы маған ертерек,
Қиялымдағы ғашығым.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 874 | Рейтинг: 0.0/0