Сені қалай сүйе алам!
Сені қалай сүйе алам сен сүймесең, Мен күйгенде сені ойлап сен күймесең. Мен секілді жүрегің жанып-күйіп, Сен де сүйгін құлай сені сүйсін десең. Сені қалай сүйе алам байқалмасаң, Көңілдегі бар сырыңды айта алмасаң. Жүрегіңнің есігін айқара ашып, Жаздай жайнап, жымыңдап жайқалмасаң. Сені қалай сүйе алам сағынбасаң, Пәк сезімнен жаныңа алқа тағынбасаң. Мәңгі сүйер бағыңа мені балап, Мұңайғанда жанымнан әр кез табылмасаң. Сені қалай сүйе алам сезілмесең, Махаббатсыз түндері көз ілмесең. Санаспастан мендегі сезімменен, Өзіңді ойлап тек қана өзім десең. Сені қалай сүйе алам нұрланбасаң, Бақытты емес байлықты армандасаң. Өзен болып ағып жатқан өміріме, Сала болып қосылып жалғанбасаң.
| |
Просмотров: 862 | |