Әдемісің!
Көңілің пәк кіршіксіз бала сынды, Бар қылығың өзіңе жарасымды. Мөлдір қара көздеріңмен күлімдеген, Ұнатамын сырға толы қарасыңды. Сөзің балдай, жағымды сазды дауысың, Ақылың сай көркіңе асыл жансың. Жарқыраған жақұттай нұрлы ажарлы, Толықсыған арайлы әсем айсың. Жүзің нұрдай айналаны жарық қылар, Ару жансың тамсандырып зарықтырар. Кең даланың ерке өскен маралысың, Сұлу көркің еріксіз қызықтырар. Әдемісің қиылған қара қасты, Ұзын кірпік, жібектей қолаң шашты. Сымбаттысың гүлдейін нәзік тәнді, Еліктейін сүйкімдісің ерке назды.
| |
Просмотров: 892 | |