Жалғызым-сөнбейтұғын шам шырағым
Жалғызым-сөнбейтұғын шам шырағым, Тамыры терең, тұғырлы тал шынарым. Жүрегіңе Тұмар қып тағып алған, Қабыл ал сол Гүліңнің жан шуағын. Жалғызым-сөнбейтұғын шам шырағым, Тағдырдың тарттың талай сан сынағын. Сарқылмас мұхит сынды сабырыңмен, Төзімнің тұлпарын да қамшыладың. Жалғызым-сөнбейтұғын шам шырағым, Жыр болып таңдайымнан тамшыладың. Сен биіксің шыңнан да, шынардан да, Дәл осындай қалпыңда қалшы жаным. Жалғызым-сөнбейтұғын шам шырағым, Егізден де ерекше жан сыңарым. Жүрегіңде сырлы әнімен сыңғырлайды, Сенің Гүл, сенің жалғыз, ән ТҰМАРЫҢ!
| |
Просмотров: 911 | |