*Алғаш сүйдім...*.
Тағдырдың қаламы тербенген, Сезімді өрнектеп таң нұры. Балалық сезімді өшірген, Балалық пәк қыздың тағдыры... ---- Әлсіреп әнімнің сыңғыры, Көгершін сезімім көкке ұшты Қара түн тәнімді тоңдырды, Жанымды аймалап мұң құшты. ---- Жүректің пердесін аша алмай, Пернесін сыңғырын естідім. Шымылдық артынан көре алмай Жалғызым бәрін де түсіндім. ---- Қолыңнан ұстаған бақытың Гүлдерін жолыңа сый етсін... Темір боп сорланған жақұтың Жалғанның бақытын тілесін... (Тағдырдың жазғаны болған соң)
| |
Просмотров: 893 | |