Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Жырлап қайттың өмірдің базарынан... ( Ақын М. Мақатаевтың рухына)
Жырлап қайттың өмірдің базарынан,
Күйіндің бе, әлде өмір азабынан.
Сендей ақын қайтадан туар ма екен...
Туса тусын қазіргі қазағымнан.

Кім едің сен жер басып жүргеніңде,
Ол кезде өзіңді - өзің білмедің бе?
Жарықтық халқымыздың әдеті ғой
Жақсы еді деп мақтайтын өлгеніңде.

Көргенің жоқ қуаныш, қайғыны да,
Бар өмірін жырыңның айбынында.
Қысылғанда, жалғыз қап арқа сүйер
Дос таба алмай адамнан қайғырдың ба?!

Жүргенде жол таба алмай торығысып,
Кетіпті ғой достарыңның бәрі ығысып.
Сол күнде саған қолын бермегендер
Жата келіп мақтайды қағылысып.

Ақын болып халқың үшін жаратылдың,
Жарып шықтың қақпасын қара түннің.
Ақиық ақын атты сенің қайта таңын
Біз бүгін өзің болып жаратылдық!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 917 | Рейтинг: 1.0/1