Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

ӨРТЕЙСІҢ ЖАНДЫ...
Сезімдер сыры сергітіп қойды тағыда,
Қараңғы жанға жаныпта келді шамыда.
Үнсіздігімен баурады мені сұлуым,
Жылуын сыйлап үлгерді және жаныма.

Баурадың мені өзіңе сұлу бейнемен.
Көргенде сені, жаным-ау жалын күйге енем.
Сырымды айтам ашыла төгіп өзіңе,
Өзіңе гүлім, өзіңе жалғыз сенгенен.

Көз алдымнан алыстапта кетпейсің.
Сен деп соғатын жүректі қалай шектеймін.
Тосыннан түскен сезімнің сенбе талшығы,
Мейлі кыс болсын жүрегімде көктейсің.

Жалыны ыстық сөнбестей жанған өрттейсің.
Сыңғыр күлкіңмен өртейсің жанды, өртейсің..
Әлемнің барлық өрт сөндіргіші келседе,
Мәңгілік менің, сезімім саған сөнбейтін.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 835 | Рейтинг: 0.0/0