Армандар арасына
Армандар арасына, Қол бұлғап барасың ба? Махаббат қаласына, Менсіз жол табасың ба? Сезімдер сағатына, Сағыныш жібін байлап, Ғашықтар мұзартына, Аққу болып қонасың ба? Мейірлі құшағыңа, ЖАНЫМ деп аласың ба? Сүрініп, құлағанда, Демеушім боласың ба? Жүздеген сұрақтарға, Жауаптың қажеті жоқ. Мендегі бір - ақ сұрақ: Күніне бір болса да, ЕСІҢЕ МЕНІ АЛАСЫҢ БА?
| |
Просмотров: 770 | |