Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Сағым бәрi, бiле тұра сағынамын
Сағым бәрi, бiле тұра сағынамын,
Түйдектелiп буылған менiң жаным.
Аңсаумен - сағынышты күндер өттi,
Байқамай, сезiмiмнiң сарылғанын.

Жазығы жоқ, айыбы көп жетедi мұң,
Аз болғандай, сенсiз дағы өтедi күн.
Сезiмiмдi өз торыма қамағандай,
Жүрегiмнiң дүрсүлiнде қапалы үн.

Жоқ жаным, сенi ұмыту мүмкiн емес,
Таңдарыма бұлыңғыр, болдың елес.
Қисынсыз, қызығы жоқ, кірбiңi көп,
Әнiмдi емес, өзiмдi емес, өмiрдi кеш.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 842 | Рейтинг: 0.0/0