Көріктім (романс)
Тасқындап теңіздейін кеуде селі, Сағынам жалғыз ойлап кейде сені. Түсімде: баққа қарай жүр дейсің бе; Өңімде: суретте тұр бейнең сенің. Қол бұлғап сағындырған күнім ескі, Жұбанам кейде оңаша үніңді естіп. Айта алмай сырымды мен жеңілемін, Біле алмай сен кетесің, гүлім, өксіп. Өкініш дертті ішкі қозғайды ма, Бостан-бос әуре-сарсаң тозбайды ма?! Санамда сен жайлы елес тоқтау тапса, Бұл күнде сырғып жылдар озғайды да. Сен менің көріктім ең, лағыл мүсін, Сүйемін махаббаттың жалыны үшін! Қолыма құсым болып оралсаңшы, Алыста жүрген менің сағынышым!..
| |
Просмотров: 835 | |