Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Образ
Әсем үнді, жанары ашық-жарқын,
Күлкісі де ашады көңіл парқын.
Қастары бар сызылған толған айдай,
Мақпал шашы желпіген соқса салқын.

Қызыл шоқ еріндері, меруерт тіс,
Елестемес көрсең де керуен түс.
Орта бойлы, қынама бел, тал шыбықтай,
Мәрмәр мүсін тұла бойы, – керемет іс!

Дос арасын беделімен баурап өскен,
Білімі де сел-дария, қаулап өскен.
Ақ ұлпа қар ақша жүзі жаңа жауған,
Ер жігіттің жүрегін жаулап өскен.

Мінезінде салмақ жатыр инабатты,
Көрген адам сүйсінерлік жаннан тәтті.
Жалғыз тамшы сезімді де сақтай алған,
Жүрегінен айналайын нәзік атты!..
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 721 | Рейтинг: 0.0/0