Есімі жеті әріптен құралған қыз
Ән туылса таңданба жырым тектес, Тыңдап жүрсең мәңгілік шырын кетпес. Жеті әріптен құралған есіміңді, Жырлау үшін кешірші тілім жетпес. *** Сені ғана ойлаймын қиялдаймын, Өз-өзімді қиялдап жиі алдаймын. Жеті сағат құшақтап тұрсам дағы, Сағынышым басылар дей алмаймын. *** Үміт жібін өзіңмен жалғаймын тең, Сені жаным өмірі талмай күтем. Жеті елдің ханшасы келсе дағы. Семен жаным ауыстыра алмаймын мен. *** Сен десе жүрек әнін салатындай, Дір етіп секем алып қалатындай. Әлемнің жеті бірдей кереметі - Семен ғана теңдесе алатындай. *** Сені көрсем жан-тәнім тынығардай, Сен өйткені, сұлусың сыры балдай. Сен туралы жыр жазам жүрегіммен, Аптаның жеті күні тыным алмай. *** Сұлу бейнең көзіме бір көрінсе, Сол сәтте жүрегімнен жыр төгілсе. Сені сүйіп өту ол арманым ғой, Жеті қат жер астына кіргенімше *** Мен үшін дәл қазіргі ұлы армансыз, Жүрегімнен күні-түні жыр алғансыз. Мен сізді жүрегіммен шын сүйемін, Есімі жеті әріптен құралған қыз.
| |
Просмотров: 1061 | |