ҚИЯЛДАҒЫ АРУЫМ!
Кешірер бір алла пендесін, Өмірге пенде боп келген соң. Махаббат елінің еркесін, Іздеймін мәңгілік шертетін, Мендегі жүректің пернесін. Іздедім ішінен бақтардың, Сезімді сыр қылып сақтадым. Ешкімге ашпаған сырымды, Келеді өзіңе ақтарғым. Махаббат бағына жүз бардым, Іздедім дауысынан құстардың. Түсіне алмаймын өзімді, Кеудемнің тынышын бұзған кім? Бәлкім,ол жүр ме екен қасымда, Сезбеймін неліктен расында? Қиялдан жасалған аруым, Жақын кел сырыңды жасырма. Бәлкім,сен бағымсың шын менің, Ешкімге ашылмас сыр ма едің. Қиялдан жасап сен мені де, Бір күні келер деп жүр ме едің. Кеш мені... Қалмады амалым, Түсінші мені де қарағым. Өзіңмен мәңгілік жүрер ем, Аралап махаббат аралын. Іздеймін өзіңді жалықпай, Жүрмісің жарқырап жақұттай. Құс болып қонсаңшы қолыма, Келсеңші періштем сағынтпай.
| |
Просмотров: 805 | |