Сөкпе мені
Сөкпе мені, Өте шыққан сұлу қызға қарасам, Сұлулықтан шабыт іздеп адассам. Сұлулық пен саған деген махаббат, Екі дүние сәл ойланып қарасаң. Сөкпе мені, Таң сәріде сәл масаңдау оралсам, Мазаңды алып, махаббатты қорласам. Шындықты айтпай, кешірім де сұрамай, Сөзден қашып, махабатты қорғасам. Сөкпе мені, Достарыммен күндер салып тойласам, Ащы суға анда – санда бойласам. Мені жатқа білесің ғой өзгеден, Түсінерсің кемшілікті жоймасам. Сөкпе мені, Түнде ұйықтамай жыр жазсам, Сыбырлашы құлағыма сыр ұқсаң. Ренжімеші, ыстық маған шай құйшы, Бейшара ғой ақын жанын шын ұқсаң. Сөкпе мені, Сұрағыңа бермесем егер жауапты, Күнәһармын, өлеңнен терген сауапты. Пенде едім, қателігім көп менің, Пендешілік қаныма әбден тарапты.
| |
Просмотров: 898 | |