Ескертемін
Ескертемін, қарама маған қарындас көзіңді жұм, Кешегі күлімдеген жігіт емес, бөтен жанмын мен бүгін. Дәл қазір жырым тегін, өлең арзан, сөздерім құм, Аулақ жүрші, ермегіме айналарсың сен күнім. Ескертемін, елжіреме әсерлі әсем әуеннен, Перілік басымырақ, періште емеспін әуелден. Жақындама, жаныңды кетем жаралап, Ерітетін мұз жүректі сөздер теріп әуеден. Ескертемін, мойынсұнбай еркіндікті қаласаң, Сол еркіндік қиылыссыз салып берер жол маған. Өкініп қалма, сұраймын сенен соңғы рет, Бір күндік бақыт сыйлармын еркем тек саған.
| |
Просмотров: 822 | |