Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Жылама қыз
Жылама қыз, жас шағымда көрдім деп өмірдің қиындығын,
Жалғанның тым ертерек тарттым деп жазған сыйын.
Жалғыздықты жар қылып жабығумен түн жарымда,
Жұмбақтатып сен түсінер жыр жазған менің сиқым.

Жылама қыз, жасыңды тый, жаңбырдан соң күн шығады,
Жаңарың жадырасын, көл қылған көпшігіңді кім сығады?!
Жүрегіңді жалындаған махаббат пен жырға толтыр,
Жасырынған ақ пердеге жаныңды кім ұғады?!

Жылама қыз, Жаратқанның сірә бұл бір сынағы,
Жұмақта ма, қайда екен бал сезімнің тұрағы?!
Жүрегіңнің жер бетінде жүр ғой білем сыңары.
Жылама қыз, жас жігіттің осы ғой тек сұрары.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 845 | Рейтинг: 2.0/1