Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Бейтаныс қызға
Қою қара шашыңды, бұрым ғып өріп тарадың,
Құпиямды аша алмай, тым ұзақ маған қарадың.
Сезімге шөлдеп көздерің, мөлдіреп тұрды жанарың,
Тура жолдан тайдырма, өтінем сенен қарағым.

Көз тастадым еріксіз, емес әсте жауабым,
Сұлулықтан нәр алып, дәмін татып байқадым.
Бұл кездесу соңғы рет, жұп болу бізге жазылмас,
Жүректе тұнған шабытты, еппенен жайлап шайқадым.

Маған төзу тозақ бір, көп қой қояр талабым,
Жол бойы тек көз алмас, үнсіздікті жалғадым.
Ерінің қоймай сұрады, келісім сірә берер деп,
Алтын неке жүзікті, байқамай қалды жанарың.

Жайықтан егер жел ессе, жүзіңді еске аламын,
Сендегі еншім шабыт тек, өзгені сүйіп қаладым.
Қош бол енді бейтаныс, асығыс кетіп барамын,
Аялдамам бұл менің, көз тастап түсіп қаламын.
2013 ж
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 834 | Рейтинг: 0.0/0