Қиғаш қасың дидарыңа жарасқан
Қиғаш қасың дидарыңа жарасқан. Қолаң шашқа кірген саусақ адасқан. Періштедей көрінетін сіз үшін , Талай жігіт саусағыңа таласқан. Шырын ерін сәл-пәл ғана ашылып. Қос анарың көтеріліп басылып. Қанатындай аққу құстың екі қол, Кетер екен қай жігітке асылып. Хор қызындай қашып шыққан жұмақтан. Көрген жанды бір көргеннен құлатқан. Ай-аруды армандаған жігіттер, Неге іздейді періштені жырақтан
| |
Просмотров: 797 | |