Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Үш күн соққан жел...
Тыныш сарай, сырға толы жүрек деген
Соғады дүрсілдері кезекпенен
Терезесі сарайдың ашық болған,
Перделері қозғалды жел екпінмен.

Жел екпіні, сезіммен желденеді
Тура бір күн қозғалтты перделерді
Мен ұзақтау қарадым тереземе,
Тоқтамады самал жел түн демеді.

Үрпігені самал жел сипай мені
Сезімніңде білінді ыстық демі.
Суып жатқан сезімді қайнататын,
Бұл қандай жел,
Айтыңдаршы, кім біледі.

Жанымды жадыратқан, бұл қандай жел
Келер болсаң жаныма бұлқынбай кел 
Мен емес-ау сенімен ойнақтайтын
Қандай сезім береріңді жасырмай бер

Самал желім үш күн бойы соғып жатсың.
Қайдан шықтың мені бір таңырқаттың.
Қыс боп жатқан сезімге көктем силап,
Мұз боп жатқан сезімде сең боп ақтың.

Үш күн бойы желденіп лезде тындың
Сездім жанның, қимаған мұң жыбырын
Перделері қозғаларма деген оймен
Тереземе қарайлап бүгін тұрмын... 

Не шара!!! 
Үш күн соқтың өттің, кеттің.
Кетер болсаң несіне сезім септің.
Сепкен дәнің бір күні бүршік жарар
Сырбаз жігіт... 
Сол кезде жел боп барар...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 845 | Рейтинг: 0.0/0