Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 23.06.2025

Күлімде жаным
Сөнген болар сезімде,
Езілме жүрек езілме.
Тағдырың салған мұңды ән,
Жұбаныш болар өзіңе.
Сүрінбе жаным, сүрін бе...
----
Көзіңнен тамған мұңды жас,
Өткінші болар жылама.
Өмірдің барлық күндері,
Бақыттан ғана тұрама?
----
Көңілден кірбің жоғалсын,
Жырласын жүрек ән салсын.
Бақыттан ғана тұрмайды,
Ғашықтық өмір болғансоң.
Жылама жүрек жарайма?!
----
Мұңайма жаным күлімде,
Өмірден үнсіз түңілме.
Қараңғы болған ғұмырың,
Сәулесін шашар түбінде.
Күлімде жүрек,
жарайма?!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1051 | Рейтинг: 0.0/0