Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Жақындатып жер мен көктің арасын
Жақындатып жер мен көктің арасын,
Көңіліме гүлің сыйлап қаласың.
Талпынсаң да жұбатуға сен мені,
Жаза алмайсың жүрегімнің жарасын.

Менде мұң бар сенікінен өзгеше,
Қайтсін жүрек қуанышты сезбесе.
Сен екеуміз екі бөлек жандармыз,
Ойымыз да екі бөлек ендеше.

Мен сен жоқта жыламаймын күлмеймін,
Жабырқауды, қуануды білмеймін. 
Сен болсаң да, болмасаң да маңымда, 
Мен бақытты талғауды да білмеймін.

Мен сені ойлап терең ойға батпаймын,
Сенен мін де, артықшылық таппаймын,
Ұнатпадың, жұбатпадың деп саған,
Ешқашан да, ешбір кінә тақпаймын.

Сені күнім дей алмаймын айым да,
Өзіңді ойлап шомымаймын уайымға.
Есіміңді естігенде бірақ та...
Санама ой келеді сен жайында!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 822 | Рейтинг: 0.0/0