Махаббат мұңы
Мен сені енді іздемемеймін, Жалғанды жұмақ қылсаңда. Кешірім беріп басымды енді имеймін, Мың жерден келіп тұрсаңда. Махаббаттың қос қанаты мұң шаттық, Сақтау үшін керек оны шын сақтық. Мені алдаған өэіңсің ғой қайтейін, Сені алдаған сезім шығар бір сәттік. Мейлі,амал қанша,солай шығар тағдырым, Ашпадығой мына менің арайланған таң гүлім. Бірге өткізген айлар менен жылдарды, Неге Медет жат қылыққа айыр бастап қалдырдың? Түсінбейсің, білмейсің,сүйе алмайсың, Жат қылыққа батып алып жиі алдайсың. Әркімменен жүре берші мейлі маған, Бір білерім енді саған оралмаймын. Себебі көп шырқалған шырмауықтан шығалмадым, Аласапыран ақ құйың мен арпалыстым,жеңе алмадым. Тағдырдың бұралаң қос жолымен кете бардық айрылып, Ақ некені сақтап қалар бір жолын табалмадым. Шыда жүрек,шыда жүрек енді ол деп соқпашы, Тыным берші, тыным берші өтінемін тоқташы. Ойламашы, ойламашы жиіркенішті сол жанды, Сенімімді жоғалтқан енді оны еске алмашы. Дүрсіл қаға жылайды жұдырықтай жүрегім, Алла колдап сабыр берсен тілегім. Үміт үзбейміни,бақыт іздеймін әр таңнан, Сенем,сезем бір бақыттын келерңн. Өмірге менің өкпем жоқ,өкінбеспін, Жанарымнан ыстық жасты төкпеспін. Бақытымсың деп бағалар бір жанмен, Мәңгілікке қол ұстасып кетпекпін...
| |
Просмотров: 857 | |