Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Ұйқысыз түн
Түн...Тынышым кетті кенеттен,
Болмады мазам,білмедім не себептен.
Ащы өксік келіп,кеудеме менің тығылды
Дүлей дүрсіл естілді әлсіз жүректен.

Ұйқы...Ол да шайдай ашылды,
Жылағым келді,тізгіндеп жасты жасырдым.
Беймәлім бір күй өзегімді өртеді
Ернімді тістеп,ішімнен тынып басылдым.

Ой...Ол да маза бермеді,
Жайсыз жайды сезіп қалып мендегі.
Ерік беріп,санамдағы сан ойға
Келді ерніме ащы жастың кермегі.

Таң...Түндігін түріп керілді,
Аппақ арай тереземнен көрінді.
Неге жылап,кімді ойладым білмеймін
Кім ұрлады ұйқымды менің бүгінгі?
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 994 | Рейтинг: 0.0/0