О сәлем! Қалың-қалай көрікті қыз
Жігіт: О сәлем! Қалың-қалай көрікті қыз, Мінеки тағы маған жолықтыңыз. Оқуға кетер кезде көріп едім, Мінеки содан бері болыпты күз. Өзіңе ұшып келем көре қалып. Тасташы жұмысыңды демалалық. Шығарып тастайыншы үйге дейін. Әңгіме айта отыр,не жаңалық?? Бұрымды басқаларға қарайламай, Жүруші ең еліктемей абайлап-ай. Бантикті қыз едің ғой,бір жыл бұрын. Бойжеткен боп кеткенсің қалай-қалай?? Салатын көшесіне күні-түні із. Үйіңнен ішем деп түбі қымыз. Шамасы қалғандаймын кешігіп мен, Бар шығар сүйіп қалған жігітіңіз.?? Қыз: Жақсымын,өзгертпеді заман мені, Жүректің арналып жүр көп әндері. Қалаға кетер кезде қоштасып ең, Өтіпті-ау біраз уақыт одан бері. Тыныштық,жаңалық жоқ дей аламын. Қанатты қақтыңыз ғой қияға мың. Бойжеткен демеңізші білесіз ғой. Біртүрлі өзіңізден ұяламын. Бойымда жоқ болса екен ішкен қайғым. Қарсы алар аққуларын күткен айдын. «Қойыңыз» жігітім жоқ,ерте әлі. Мен әлі білесіз ғой,кішкентаймын. Әзірге қонақпыз ғой үйдегі біз. Қалада қалай сіздің күйлеріңіз? Ол жақта қыздар көп қой қызғалдақтай. Бар шығар бәлкім сіздің сүйгеніңіз. Жігіт: Сезімім бала күннен ескірмеген. Біреуге әндерім бар естілмеген. Менің де сүйгенім жоқ сағынатын. Жүргем жоқ құшақтасып ешкімменен. Қыз: Әй,бұған көп адамдар сенеді ме? Жылытып жібердіңіз денені де. Ғашықтар көп-ау сізге бұл ғаламда. Неліктен жүрмей жүрсіз? Себебі не? Жігіт: Айтайын,жасырайын тіптен қайсын. Құшағын жүрегіміз іштен жайсын. Жүргім-ақ келеді ғой....бірақ бірақ.. Сен әлі кішкентайсың))))))))))))))))))))
| |
Просмотров: 1042 | |