Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Бір көргенде ғашық болдым өзіңе
Бір көргенде ғашық болдым өзіңе
Алғашқы рет көрдім сені сол кезде
Сен деп соқты жүрегім? сен деп соқты
Содан бастап ынтық болдым өзіңе

Тыныш жатқан жүрегімде оянып
Дүрсіл қағып? маза бермей барады
Сүйемін деген сөздерің еске түсіп
Енді міне жүрек оттай жанады

Аппақ сезім жүрегімде өшпеді
Ойладың ба неліктен: деп өйткені
Жан тәніммен? көңіліммен өмірде
Түсін Жаным сүйемін мен тек сені

Шын сүйем ба - бір өзіңді білмей
Сенен артық өзге жанды көрмеймін
Кей кездерде жабырқаған сәттерде 
Бір өзіңді жүрегімнен іздеймін

Кіршіксіз жүрек тулайды неге
Мен сени сүйдім не үшін деме
Өзіңмен бірге қиялымда әркез
Махаббат атты жүзеді кеме

Шалқытар мені сәулесі күннің 
Жұбатар мені жұлдызы түннің
Сағынып сені ән салам әркез 
Әттең ай Жаным қасымжа жоқсың

Еркесі көлдің екі аққу болса
Бақытты сезім көңілің толса 
Тек мен деп ойла қолыңа егер
Дірілдеп келіп жапырақ қонса

Сен менің таңым ататын күліп
Өмірім өтер тек сен деп жүріп
Шын сүйем сені жүрекпен - жанмен
Тек соны жүрсең жетеді біліп

Таба алмай ешбір жүректің емін
Көп боды ау менің қиналған кезім
Жырменен тербеп? әнменен емдеп
Жұбатар мені шынайы сезім ...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 1120 | Рейтинг: 0.0/0