Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Кешірме мені...
Кешірме мені, істеген қиянатым үшін
Кектеніп саған, оп-оңайөш алғаным үшін
Кешірме мені, қатеңді кешіре алмағаным үшін
Кешіре , кешіре зорығып шаршағаным үшін.

Кешірме мені, сезімді сағынғаным үшін
Сезімге сенсіз қолымды созғаным үшін
Кешірме мені, бір сәтке ұмытып бәрін
Жаралы жанға дауасын басқаным 

Кешірме мені , өзіңсіз өзгергенім үшін
Өкпелеп жүріп өзекті өртегенім үшін
Кешірме мені, ұйқысыз түндерден шаршап
Бір сәтке болсын , бақытты ансағаным үшін

Кешірме мені ,самғауды көкте армандағаным үшін
Қамалған тордан тынысым тарылғаны үшін 
Кешірме мені , кешегі санамды арбаған 
Көздерден бүгін махаббам таба алмағаным үшін

Кешірме мені, кешірме мені, кешірме мені...
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 860 | Рейтинг: 0.0/0