Ғашығыма
Жанымсың сен, тұла бойды билеген, Сезімімді жырымменен тербеген. Тек сен дейді арманымның аруы, Іңкәрлігім жүрегімді кернеген. Күнімсің сен, нұрын төккен таңыма, Артық күннен сендік жылу жаныма. Нәр-қуатын күннен алса тіршілік, Жыр қуатын сенен алам мәңгілік. Айымсың сен, сұлулығың тіл жетпес, Өзіңді ойлап ойға шомған түндегі. Тұңгиықсың менен басқа көз жетпес, Кең даламда жатқан тұнық көлдегі. Гүлімсің сен, ерек өскен қырдағы Аялаған туған жердің құрағы. Шабыт беріп, ойға салған түрліше, Самал желдің ырғағымен тербелсе. Ғашығымсың, сүйіп қалған көзіңнен Іңкәр еткен балдай тәтті сөзіңмен. Мендей пенде болар бақыт иесі, Сендей жанды сүйіп өтсем төзіммен.
| |
Просмотров: 803 | |