Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Мазасыз шақ
Келеді ылғи қоштасар,
Сәттер қымбат сен үшін.
Жүрегіңді тот басар,
Сарғайта сұм жемісін.

Маған да жат – қоштасу,
Қайтем, тағдыр шешті де...
Бейбіт күнде – от басу,
Айырады есті де.

Шебер шешім екенін,
Тағдыр, білдім мен анық!
Іздеп ойдың мекенін,
Жылдам кетем құп алып.

Ойға біраз «тынық» деп,
Қанша айтсам да, – көнер ме?!
Әр нәрсені жұлып-жеп,
Жүрек сол кез көнерген.

Қапа қылған маза, шын,
Алдырмайды дегенді.
Көз алдында «азасың»,
Ақ ұлпадай бейнеңнің.

Қадір кетіп өзгеден,
Өзді-өзіңе симайсың.
Мақсатыңа көздеген,
Абыройсыздық жинайсың.

Тілім-тілім жүрекке,
Желім жаға алмайсың.
Үмітіңді үдеткен,
Арманыңды алдайсың.

Ойға шомып өткенді,
Қиялға еріп, самғайсың.
Іштен шыққан от-демді,
Арагідік арнайсың.

Қағілез боп кетерсің,
Өзге жанда жоқ амал.
Мұңыңды, тек, көтерсін,
Жасты тиған – орамал.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 833 | Рейтинг: 0.0/0