Сезім назы
Сонау көкке тұрмын қарап ой тастап, Көңіл ауды әлекке бір болмашы. Биігінде махаббаттың ойқастап, Жүрегімді, ей, сезім бір қозғашы. Оянайын... оянған соң көрермін... Шырағымды сөндіре алмас нақ ешкім!.. Айтқаныңды жерге салмай елермін, Қолаң шашты, қарақат көз, нәр кескін. Сенен қымбат, сенен асыл жоқ ешкім! Сендей мұнар сенен биік табылмас. Тапқандаймын арасынан елестің, Жалғыз сені, жалғыз сені, қарындас. Қаншама үміт, қаншама көп ой арбап, Торына сап түн ұйқымды қинаған... Қайбір өткел, айтшы маған, жоя алмақ, Сезімді осы тәңір бізге силаған?! Алып ұшар шат көңілім бір деммен, Шашырайды жерге бақыт нұр болып! Кейде мұңға тәтті ұқсаймын, бірде мен – Жалын отқа оранамын сұм болып. Кейде менің толар көңлім толмастай, Баз кешеді... бірақ оның бар емі: Сабырлықты ту ғып мәрте қолға ұстай, Аралаймын махаббаттың әлемін...
| |
Просмотров: 762 | |