Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Періште жайлы сандырақ
Иығыңа артып қойып ауыр күнә,
Апарамын жындардың сауығына.
Ішінде қырық қыздың қуып жұріп,
Қағынармын қарғысыңның дауылына.

Несіне жәутеңдедің жәутең көзім,
Кеудемде құйындатып өткен сезім.
Сенен бұрып бір жынның ойнасы боп,
Содан менің ашылмаған дерттен көзім.

Елі еді екі жұзді перілердің,
Елжіреп кете бардым, жеңілмедім.
Түнектен жетелеген жұмақ жаққа,
Түсімде Періштем- ау сені көрдім.

Сол еді, соры бөтен сол мекеннің,
Кешеден сені іздеген жолда екенмін.
Қырық қыздың қызығына қаным суып,
Қанша жаза құнын сатып алды екенмін.

Иығыңа артып алып ауыр күнә,
Апарамын жындардың сауығына.
Арпалысып өзіммен-өзім жұрем,
Қондырып ап өзіңді жауырыма.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 924 | Рейтинг: 0.0/0