Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Айналмашы арманға,
Төзу деген бір ғажап,
Төзбеу деген мың күнә.
Мың күнәнің ішінде,
Ең үлкені сен ғана.

Айналмашы арманға,
Айналсаңда елеске.
Айналдырып алсаңда,
Елес деген тек санада емеспе.

Ақылыма шақ қана,
Пәктік қылын аттама.
Сүп-сүйкімді картинам,
Тек санама шақ қана.

Саған қарап отырам,
Құбылам қып шер төгер.
Титей күмән болса егер,
Әзірейіліңді ерте кел.

Төре болсан төрімде,
Жолығарым көрімде.
Сенсіз мына жалған не!
Қап – қараңғы көрі не!

Төзу деген-бір ғажап,
Төзбеу деген-мың күнә.
Күнәлардың бәрінен,
Ең жеңілі сен ғана.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 802 | Рейтинг: 0.0/0