Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Оятпаңдар
Оянғым келмейді,
Оятпаңдар,
Айтарым жоқ менің ей ақ таңдар,
Қара түн есігін қақпаңдар.
Қақпаңдар ойларымды үркітіп,
Онда бір жыларлық шақтар бар,
Жазылмай кететін жоқтаулар.

Айтпаңдар ешкімге түндерім,
Мені кім!
кімді мен іздедім,
Қалмаса қалмасын сырларым,
Қалады қара жер төсінде іздерім.
Қыймасым көктемім,
Күздерім.

Жоқпын мен,
Бар болғым келмейді шынымен,
Таласып қайтемін,
Әз дала желімен,
Асқар тау шыңымен,
Олардың бойында мәңгілік өлместік,
Бүгін мен!
Бір күнім өтті деп түңілгем.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 770 | Рейтинг: 0.0/0