Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

Махаббат сені бүгін кім тербеген
Қақырап сары аяздай мұң кернеген,
Махаббат сені бүгін кім тербеген.
Әніңді айтармедім кеудем жылап,
Көзімді ашалмадым бұл шерменен.

Сені іздеп келген едім түн төрінен,
Гүл қылып қорлағасын кім көрінген.
Мен саған кеудемді зындан қылдым,
Құлып салып қақпасына мұң шерімен.

Жарығы бұл жаланың жарымаған,
Жыларман өмір қыйсын сені маған.
Меніңде жастығымның жасыны бол,
Өмірдің сенсіз тиын құны маған.

Қара түн құшағымен шермендемін,
Махаббат әлдиіңді сезгенбе едім.
Кірпіктей қысқа өмірден іздегенім,
Ойран ғып кетің мендік жер мен көгін.

Ой шолақ, ойран көңіл жастығымда,
Мен сені іздегенім мастығым ба?
Санада сайтан билер сахына қып,
Жын ойнақ төрі болған жастығым ба!

Болғанда сенсіз күмән, бос құбыла!
Қорқамын өз –өзіме қас қылуға.
Етектен жеміс терген ерке өмірді,
Машықтау бұл қоғамда мас қылуға!

Оянғам, ғажап түстен шашына мен,
Бақыттың ақ кептерін үшырған ме!
Құлаған көкке жетпей жазым болып,
Өшпеген одан бірақ ғашық әуен.

Көк түман көгім менің бүгін демен,
Мен саған жазам арнап түбінде өлең.
Махаббат сені бүгін кім тербеген?
Мен оған өмірімнің құным берем!

Жазымын саған арнап түбінде өлең!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 886 | Рейтинг: 0.0/0