Біздің көше
Біздің көше сахнасы күз арудың билеген, Сырнайшы жел әсем әуне шертетін. Сағыныштың жолдасы боп түнде мен, Ақын жүрек достарымды ертетін. Жыр оқылар ғашықтықтан жылаған, Сырнай үні баяу сазбен тербетіп. Бұл көшеде мұң жамылған махаббат, Күзгі жауын қара жермен шерлесіп. Тамылардан іздеп жауап күмәнді, Жаңбырлы түн мен сырласып өзіммен. Үйренгемін үнсіз іштей жылауды, Тер шығармай жас түгелі көзімнен. Ақ – қайындар иіп басып қарсалған, Қоштасқандай жүректермен үзілген. Махаббатың мұңды әуені жар салған, Біздің жазды еске алыңдар көзілген. Түманды түн тағатсыздық мекені, Менің үйқым ғашықтықтан келмейді. Сырайшы жел нендей сырды шертсе де, Бұл көшенің сүйген сазы өлмейді.
| |
Просмотров: 957 | |