Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 21.07.2025

Кеше де көрдім, бүгін де көрдім мен сені
Кеше де көрдім, бүгін де көрдім мен сені.
Тұрасың күтіп мені емес ылғи өзгені.
Арманым шіркін болмас еді – ау өмірде,
Күтсең ғой қалқам, күтсең ғой қалқам сен мені


Тағы келдім кездескен жерге бүгін мен.
Жылулын күтем караған маған көзіңнен.
Балауса жүрек кеудеме сыймай тулайды,
Өзіңе деген оттай бір жанған сезімнен.


Тағы да келдім, тағы да келем бұл жерге.
Қимаймын сені, қимаймын сені өзгеге.
Сыртыңнан сүйіп, сыртыңнан бақыт тілеймін,
Барсың ғой қалқам, барсың ғой қалқам өмірде.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 953 | Рейтинг: 0.0/0