Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 20.07.2025

СЕНСІҢ МЕНІҢ...
Сенсің менің жанымның гүл көктемі,
Жүрегімде бір нәзік гүл көктеді.
Күз,қыс,көктем,жаз өтті,жылдар өтті,
Жылдар өтті сол гүлді гүлдеткелі.

Сенсің менің жанымның жасыл бағы,
Жасыл бақтың жап-жасыл жапырағы.
Өзің ғана жырлары жүрегімнің,
Өзің ғана жанымның асыл әні.

Сенсің менің жырымның шумақтары,
Жылдар өтті өзіңді ұнатқалы.
Күндер өтті,ай өтті,жылдар өтті,
Көк теңіздей жанымды тулатқалы.

Сенсің мені өзіңе ғашық қылған,
Сол сезімнен туған-ды ғашықтық ән.
Алыстасың сен менен сол себепті,
Өзіңе арнап қалдыру жазып бір ән.

Сенсің менің жүрегім дүрсілдеген,
Ғашық болып дәл бұлай күрсінбеп ем.
Өзіңе ғашық болған жүрегімнен,
Шығатын ең әдемі жырсың дер ем.

Сенсің менің таусылмас тылсым демім,
Өтінемін орынсыз күрсінбегін.
Өзіңді шын сүйемін,сезімімді,
Жазылған өлеңімнен білсін дедім.

Сенсің менің таңымның шапағыда,
Шыққан күннің білемін батарында.
Шын ғашықпын өзіңе,болмысыңа,
Ғашық емес едім мен атағыңа.

Сенсің менің жанымның бақтарыда,
Сырымды аштым өзіңе ақтарыла.
Мұңаймашы,себебі бұл өмірде,
Хақың бар ғой шын күліп,шаттануға.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (20.10.2013)
Просмотров: 945 | Рейтинг: 0.0/0